"Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
0
Батыс Қазақстан облысының бюджеттік комиссиясы

Комиссия қызметінің негізгі мақсаттары жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің жобасын уақытылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және облыстық бюджетті нақтылау мен атқару жөніндегі ұсыныстарды жасау болып табылады.

 

Комиссияның негізгі міндеттері  ұсыныстар жасау:

 

  • әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;

  • облыстық бюджет жобасының жоспарлы кезеңге арналған көрсеткіштерін айқындау;

  • жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдерінің қысқаруын көздейтін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары;

  • облыстық бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету;

  • бюджеттік мониторингтің нәтижелерін, нәтижелерге жүргізілген бағалауды қарау және олар бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

  • облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері және жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

және Бюджет кодексінде және Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктер болып табылады.

Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы «Облыстық бюджеттік комиссия туралы» №212 Қаулысымен комиссия Ережесі мен құрамы бекітілді.

2017 жылға облыстық бюджеттік комиссия жұмысының Жоспар-кестесі дайындалып, бекітілді.

 

2017 жылы облыстық бюджеттік комиссияның 8 отырысы өтіп, онда келесі мәселелер қарастырылды:

— облыстық бюджетті түзету;

— облыстық бюджетті нақтылау;

— Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылы аумағындағы Жайық өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі өткелінің құрылысына техникалық – экономикалық негіздемені түзету бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу;

— теміржол көлігімен әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифіне уақытша төмендету коэффициентін айқындау туралы;

— МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу кезінде МЖӘ жобасын консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру;

— Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018-2022 жылдарға арналған болжамының жобасы.