"Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
0
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және коммуналдық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссиясы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және коммуналдық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссиясы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы №44 қаулысымен құрылды.

 

Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессиялық жобаларды қарау және iрiктеу;

2) конкурсқа қатысушылар берген конкурстық өтiнiмдердi қарау және iрiктеу;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессиялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзу;

4) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындысы бойынша конкурстық өтінімді бекіту;

5) концессионерді таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық өтінімді бекiту.

 

Комиссияның 2 отырысы өткізілді:

 2017 жылдың 26 мамырда өткізілген бірінші отырыста  мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларды іріктеу туралы сұрақтар қарастырылды.

2017 жылдың 1 тамызда өткізілген екінші отырыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының дамуы туралы сұрақтар қарастырылды.