"Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
0
БҚО Орал қаласында «фото және бейне жазбалар мен бейнеталдаудың АБК құру және пайдалану» жобасының конкурстық хабарландырулары.

Жобаның құрамы:

  1. «Қауіпсіз аула» жүйесінің қолданыстағы оптикалық талшықтық желіні қайта құру және жаңғырту.
  2. 20 зияткерлік жол қозғалысын бақылау жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесімен орнату, сондай-ақ процессинг орталығындағы жұмыс орындарын жабдықтау.
  3. Тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі және аппараттық құралдары бар 50 бейне бақылау камерасын орнату.
  4. ЖБО-ны жарақтау (ені 12 м., ұзындығы 6 м.  өлшемдегі бейне қабырға орнату, ЖБО залындағы жұмыс орындарын жабдықтау)

 

Шығындарды  қалпына келтірудің және табыс алудың болжамы:

  • Инвестициялық шығындарды өтеу
  • Операциялық шығынды өтеу
  • Сапалы болуын қамтамасыз еткені үшін сыйақы.

 

Жобаның шамамен кұны 2 392 385,39 мың теңге, соның ішінде-

  • инвестициялық шығындар- 1361 297,87 мың теңге,
  • операциялық шығындар- 1 031 087,52 мың тенге

 

Жобаны іске асыру мерзімі – 5 жыл.

 

 соның ішінде дайындық кезеңі (2019 жылы) – 9 ай.

 

Қызмет көрсету мерзімі (2020-2023 жж.) - 4 жыл.

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңыңың 25-бабына және  жеке әріптес таңдау  туралы конкурсқа қатысу көрсетілген құжаттамаға  көрсетілген сәйкес   барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

 

Қажетті құжаттамалар тізімі  мен әлеуетті қатысушылар  қатысуға үшін талаптар  құжаттамада көрсетілген.

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап  сағ.09:00-13:00 және 14:30-18:30 аралығында Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45 мекенжайы бойынша 735- кабинеттен конкурсқа құжаттамасының көшірмелерін алуға болады.

 

Конкурс құжаттамасының көшірмелері тегін беріледі.

 

Конкурсқа  қатысу үшін өтінімдер, сондай-ақ құжаттар конвертке салынып,  Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45 БҚО ІІД-нің 735-кабинетіне колма-қол  жеткізілуі тиіс.

 

Әлеуетті жеке әріптестердің құжаттарды ұсыну мерзімі  -2018 жылғы «19» қазан   сағ. 15:00-ге дейін.

 

Конкурсқа  қатысу үшін өтінімдер 2018 жылғы «12» қараша, сағат 11:00-ге дейін  қабылданады. Өтінімдер салынған конверттерді ашу  2018 жылғы «12» қарашада сағ.15:00-де Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45 ІІД-нің 735 кабинетінде өтеді.

 

Толығырақ ақпаратты БҚО ІІД, Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45 ІІД қызметкерлерінен  алуға болады.  Байланысуға болатын тұлғалар: ТҚБ А.Садықов  98-45-45, Қ.Қадырғалиев 98-45-75, ӘПБ Ж.Жаншин   98-45-15, Р.Довкариев  98-45-67.