"Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
0
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, «Жеңіс» шағын ауданы, 26А мекенжайы бойынша жүзеге асыру жоспарланған «Допты хоккей ойындары үшін спорттық алаң салу және пайдалану» МЖС жобасына қызығушылық таныту туралы хабарлама

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, «Жеңіс» шағын ауданы, 26А мекенжайы бойынша жүзеге асыру жоспарланған «Допты хоккей ойындары үшін спорттық алаң салу және пайдалану»  МЖС жобасына қызығушылық таныту туралы хабарлама

 

«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жеке серіктестігі жобаларын жоспарлауға, жоспарлау процесінің анықтығын арттыруға тарту мақсатында, сондай-ақ,Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру Қағидасының 12 тармағына сәйкес, БҚО, Орал қ/сы, «Жеңіс» ш/а, 26А мекенжайы бойынша жүзеге асыру жоспарланған «Допты хоккей ойындары үшін спорттық алаң салу және пайдалану» мемлекеттік-жеке серіктестігі жобасына (одан әрі – Жоба) қызығушылық танытатыны туралы хабардар етеді.

  Жобаның шарттары: допты хоккей ойынына арналған спорт алаңының жұмыс істеуі үшін қажетті құрылыс-жинақтау және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу, қажеттіжиһазбен және жабдықтармен жарақтандыру. 

Жобаны жүзеге асыру орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,            «Жеңіс» ш/а, 26А.

Мемлекеттік-жеке серіктестігі жобасына бөлінген жердің болуы: бар (жалпы көлемі 2.8121 га жер телімі);

Инженерлік-көліктік инфрақұрылымның болуы: бар.

Жобамен қарастырылуы мүмкін:

- допты хоккей ойындарын және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған алаңды, 1000-нан кем емес адамға есептелген көрермендер мінбелерін, спортшылар шешінетін бөлмелерін, жаттықтырушылар, төрешілер жайларын, душ кабиналарын, буфетті, әкімшілік аймағын, жалпы қолдану аймағын және басқа да қосалқы жайларды қоса, спорттық-сауықтық функционалдық аймақ; 

Допты хоккей ойындарына арналған спорттық алаңның жалпы көлемі 10 000 м2кем емес;

Біржолғы өткізу қабілеттілігі 1000 адамнан кем емес;

Болжанған мемлекеттік қолдаудың мөлшері (соңғы қолдау түрлері конкурстық құжаттама дайындау шеңберінде анықталады):

Инвестициялық шығындарды өтеу;

Операциялық шығындарды өтеу.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2 жылдан кем емес құрылыс мерзімін қоса, 10 жылдан кем емес.

Жобаға қойылатын талаптар:

Мемлекеттік серіктес: мемлекеттік-жеке серіктестігінің шарты шеңберінде қарастырылған  қаржы құралдарын төлеу

Жеке серіктес:

Жобаны жүзеге асыру үшін қаржы құралдарын тартады;

Объектіні салуды жүзеге асырады;

МЖС шартына сәйкес МЖС Объектісі бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді;

МЖС Объектісінің сапалық сипаттамасын және  архитектуралық шешімдердің даралығын қамтамасыз етеді. 

Ұсыныстар 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы, Орал қ/сы, Ж.Досмұхамедов к/сі, 45, каб.302 мекенжайы бойынша қабылданады. 

Жауапты тұлға: Нығметуллин Жеңіс Махамбетұлы, Бисекенова Айгүл Мұратқызы

Байланыс телефондары: 8 (7112) 51-40-27, 51-26-17

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.