"Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
0
Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2019 жылдың 12 айы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау ақпараты

Батыс Қазақстан экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  

 

Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2019 жылдың 12 айында 25 өтініш келіп түсті, соның ішінде азаматтардан 6 өтініш, 1 шағым, 4 ұсыныс және заңды тұлғалардан 13 сұраныс, 1 өтініш қабылданды. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 13 өтінішке көбеюін көрсетеді, яғни 2018 жылы 11 айында жеке тұлғалардың  6   өтініш мен заңды тұлғалардан 6 сұранысы тіркелген.  

 

Келіп түскен өтініштер келесі мәселелер бойынша: білім – 7, мемлекеттік сатып алу – 3, әлеуметтік әріптестік – 1, ономастика – 1, абаттандыру, көгалдандыру – 1, мемлекеттік басқару – 2, құрылыс – 4, жұмыспен қамту – 1, жастар саясаты – 2, материалдық көмек – 2, бюджеттік жоспарлау – 1.   Өтініштер заңмен көзделген тәртібінде және уақытында қарастырылды.   

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Заңының 13 - бабына сәйкес басшы  және басшы орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесi бекітіліп, орналастырған.