"Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы https://publicbudget.kz

Бюджеттен бөлінетін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікірлерді жинау және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сыртқы ресурстағы сервис. Бұл бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі.

Алик Шпекбаев


Достар, өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.


Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз.


Өзімнің жаңа саладағы алғашқы постымда мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді.


Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады. Және қоғамның
игілігі болған мысалдар жеткілікті.


Аталған теріс тәжірибе өткеннің көзі бола отырып, адамдардың санасында терең тамыр жайған және отандық мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін сипаттайтын норма сияқты қабылданады. Сонымен қатар, біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім ешкімді қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебінен жүзеге асырылады.


Түсінікті болу үшін атап өткім келеді, әрбір іссапар үшін тексерушілерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткілікті қаражат бөлінеді.


Алайда, тексерушілер өңірлерге жол жүргінде, бөлінген қаражаттан тиынды да жұмсамауға айла табады. Жақсы қонақ үй нөмірі, күнделікті түскі ас және жиі мас
күйіндегі төбелестер түріндегі салдарлары бар ең жақсы мейрамханаларда тұздалған қияры бар кешкі ас, қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау - осының барлығы тексерілетін әріптестерінің жеке ақшасының есебінен.


Бақылаушылардың тәбетін біле тұра, жергілікті басшылар «деңгейде» басшылықты қарсы алу үшін бизнесмендерге көмек сұрап жүгінеді. Мұндай көмек ешқашан тегін болмайды және әрі қарай шенеунік тарапынан ерекше қамқорлыққа айналады. Мұның бәрі қалай аяқталатындығын еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын.


Әсіресе, аумақтық мемлекеттік органдар елорда және облыстық орталықтан келген қонақтар үшін қызықты әрі ерекше демалыс ұйымдастыру арқылы осы «институтты» әдетті түрде қабылдап, тіпті қолдап отырғаны аса ренжітеді. Әдетте, бұл министрге немесе облыс әкіміне арналған оң есеп беру, сондай-ақ жұмыста өрескел бұзушылықтарды бүркемелеу үшін жасалады.


Бұл ретте осындай мінез-құлықты өз алдына ұлттық дәстүр мен шенге бас ұрушылық, басшылыққа деген көрсетілген құрмет таныту арқылы ақтауға тырысатын адамдар бар екенін таңқалдырады. 

Менің ұстаным бірегей-кәсіби және инновациялық мемлекеттік аппарат үшін бұл мүлдем қолайсыз. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы қағидаларының беделін түсіреді және құнсыздандырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қарқынын жылдамдатады.


Осыған байланысты өңірлік іссапарларға, түрлі конференциялар мен семинарларға шығатын барлық мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтарым: жоғарыда айтылған барлық тәжірибе жұмыстан босатудан бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне дейін қатаң санкциялар көзделген өрескел бұзушылық болып табылады. Сол сияқты қабылдаушы тарапқа да қатысты.


Агенттік бұл мәселені жүйелі бақылауға алды. Жекелеген өңірлерде нәтижелер бар - кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында біз Үкіметке қашықтықтан мониторингке көшумен көшпелі тексерулерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгіземіз.


Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсенділері мен немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактілерге мұқият назар аудара отырып, бізді кез-келген ыңғайлы тәсілмен: менің поштама жазбаша түрде жүгіну Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., әлеуметтік желілерде хабарлаумен немесе Агенттіктің 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын.


 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!»

халықаралық жастар байқауы

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырады.


Байқау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), сондай-ақ БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) қатысушы-елдерінің жастарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбына плакаттар мен бейнероликтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы дайындау ұсынылады.


Өз жұмыстарында конкурсқа қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін қоғамның барлық деңгейінде және өмір сүруінің барлық салаларында, сондай-ақ осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын көрсетуі қажет.


Жұмыстарды қабылдау конкурстың ресми сайтында www.anticorruption.life ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында өткізіледі.


Қазақстанның атынан байқауға ұсынылатын үздік жұмыстар жартылай финалистерді іріктеу жөніндегі ұлттық конкурстық комиссияның отырысында анықталып, халықаралық қазылар алқасының қарауына жіберіледі.

 


"Арынды таза ұста" атты әлеуметтік жарнамалық конкурс


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама


Қазақстанда іске асырыл жатқан қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Транспаренси Интернешнлде оң баға алды


«Қоғамдық бақылау картасы»жобасы туралы брифинг


«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарының 2017 жыл ішінде атқарған жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар бойынша жиын өтті


Агенттік ескертеді - Жасырын мемлекеттік қызметтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жасырылады


Жазалау орнына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу келеді


Өз арамызды тазарту және жемқорлыққа қарсы тұру


 

«Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 


Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

 


Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

 


Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 — 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 


Қ.З. Маңқараев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» — «Орал өңірі» газеті  2016 жылғы 15 желтоқсандағы №152 (20404) 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жадынама


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы ( 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ) 


Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы 


Сенім телефондары

 

Басқарманың сенім телефоны 50-97-89
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сенім телефоны 50-93-37
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сенім телефоны 1424
Кезекшілік бөлім 98-47-20

 


 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер